Біздің жолдарымыз тікенек толы
Өрмекшінің секілді торы
Білгенде біз ертерек оны
Бара-бара бәрі басталмайтындай
Қалушы ек(едік),
От жүрек
Толған дерт
Болған еді
Бәрі өзгеруде...
Ойларыңның бәрі лай
Маған берген уәделерің
Ары-бері ауада...
Маған айтқан сөздеріңнің,
Қалды бәрі далада...
Кенет жұлдызың сөнген кезде,
Жарық сұраумен мені іздеме,
Кейіпкерлер толы мың, жүздеген
Кеше солай деген сен емес па едің?
Жанған сезіміміз күл болды,
Алғаш бүр атқан гүл солды,
Айтшы сеніміміз не болды?
Бізбен сырласқан түн де сөнді...
Енді менен ары ойна!
Жабылды шекаралар,
Сәулелі бейнем тура
Оң мен солға таралад(ы)
Енді менен ары ойна!
Жабылды шекаралар, ya
Жабылды шекаралар, ya
Әуенім кең таралад(ы), ya
Ендігі...
Ары ойна, ары ойна, ары ойна,
Өз өзіңмен!
Ары ойна, ары ойна, ары ойна,
Өміріңмен!
Әр ойлар мазалап жүрген шығар сені
Бірақ маған қызық емес!
Қазір болад(ы) бет ашар
Сол үшін тығыл бұл "Барсакелмес"
Терең дем ал,
Ауырлау сөзден теріп берем(ін)
Жүрегімнің кілтін таппадың
Енді тарт қолды,
Менен алыстап ары ойна!
Жалғыз есің ауысқан күйде,
Есіне алып жаныңды сүйген,
Ләззат ала алмай түнгі биден,
Мені ойлаумен, мені ойлаумен
Айтшы сеніміміз не болды?
Бізбен сырласқан түн де сөнді...
Енді менен ары ойна!
Жабылды шекаралар,
Сәулелі бейнем тура
Оң мен солға таралад(ы)
Енді менен ары ойна!
Жабылды шекаралар, ya
Жабылды шекаралар, ya
Әуенім кең таралад(ы), ya
Ендігі...
Ары ойна, ары ойна, ары ойна,
Өз өзіңмен!
Ары ойна, ары ойна, ары ойна,
Өміріңмен!
Поcмотреть все песни артиста