Тамылжыған таң нұры Жар бола ма жаныма? Көктеменің жаңбыры Сеуіп өтті тағы да. Көк майсаға көміле Гүл жайнады кең дала Құстар қайтты көліне Алыстасың сен ғана Бақыттай басыма қонған Бал дәурен едің Сағынсам қасымда болған Жан сәулем едің Естен кетпей елесің Жүрегімнен жай алдың Енді қашан келесің Арман болған аяулым? Бақыттай басыма қонған Бал дәурен едің Сағынсам қасымда болған Жан сәулем едің Бақыттай басыма қонған Бал дәурен едің Сағынсам қасымда болған Жан сәулем едің