Көгімдегі айым дейін сені
Көкшедегі қайың дейін сені
Көзден ұшып жырақта жүрсең
Шамшырағым күнім дейін сені
Әнші бағым, гүлім дейін сені
Өзіңмен бір жұмаққа кірсем
Қайырмасы
Келші бағыма әлдеқайда ұшпай
Келші, жаным
Қоншы қолыма арман аппақ құстай
Қоншы, жаным
Келші бағыма
Қоншы қолыма
Келші, жаным, кел!
Сағынғанда саялайын сені
Аққуымдай аялайын сені
Айдыныңда қалықта, жаным
Бала қаздай мәпелейін сені
Жаңа өмірге жетелейін сені
Жаныма кел, жабықпа жаным
Қайырмасы
Келші бағыма әлдеқайда ұшпай
Келші, жаным
Қоншы қолыма арман аппақ құстай
Қоншы, жаным
Келші бағыма
Қоншы қолыма
Келші, жаным, кел!
Аппақ таңдай тілегім де өзің
Алатаудай тірегім де өзің
Жер бетінде қатар жүргенде
Қоныстасып бірге күн кешейік
Қол ұстасып бірге үндесейік
Атар таңға, батар күндерге
Қайырмасы
Келші бағыма әлдеқайда ұшпай
Келші, жаным
Қоншы қолыма арман аппақ құстай
Қоншы, жаным
Келші бағыма
Қоншы қолыма
Келші, жаным, кел!
Поcмотреть все песни артиста
Other albums by the artist