Aikyn Tolepbergen - Сені Сағындым lyrics
Artist:
Aikyn Tolepbergen
album: 2018-2020
Түсінбесең де, сырын жанымның
Құлазып жиі сені сағындым
Болсыншы деп ем, гүлі бағымның
Шолпаны жалғыз атар таңымның
Неліктен тосын серттен жаңылдың
Ақұрып жиі сені сағындым
Болар ау деп ем, гүлі бағымның
Басқа сезімге бірақ бағындың
...қ-сы...
Деуші едің ғой, "сенің пəгіңмін"
Өкініш өртеп сені сағындым
Аттыра алмай таң, түндер сабылдым
Жарығы сөніп, үміт шамымның
Кімдер силаған сырға тағындың?
Қызғаныш лаулап сені сағындым
Жалғыз құлазып жүрмін жаным мұң
Болшы нұры сен, атар таңымның
Басқа сезімге бірақ бағындың
♪
Сағыныш деген ғажап сағымның
Еркіне бойлап сені сағындым
Келтірер сенсіз өмір мəнін кім?
Тынысы екенсің менің жанымның
Күтумен сені ұзақ сарылдым
Сабырым жеңіп сені сағындым
Атар таңыңмын, сенің бағыңмын
Жылыншы келіп, өртпін, жалынмын
...қ-сы...
Деуші едің ғой, сенің пəгіңмін
Өкініш өртеп сені сағындым
Аттыра алмай таң, түндер сабылдым
Жарығы сөніп, үміт шамымның
Кімдер силаған сырға тағындың?
Қызғаныш лаулап сені сағындым
Жалғыз құлазып жүрмін жаным мұң
Болшы нұры сен, атар таңымның
Басқа сезімге бірақ бағындың
♪
...Соңы...
By gk
Поcмотреть все песни артиста
Other albums by the artist