Барлық әлем құлпыруды гүлденіп, Жылынуды жанға жайлы күйге еніп, Бәрі сенен алатындай үйреніп. Жұлдыздар да түнді әдемі етуді, Бұлбұлдар да әсем әнді не түрлі, Сенен көріп қайталайтын секілді. Өзгеше әлемің Ерекше әдемім Тағдырыма менің Жаралған жан едің Жолықтырдым жанарыңнан бар арманымды Сеніп мәңгі ұсынамын саған барымды Сезем сенің бақыт болып маған кәдімгі Жаралғаныңды Сенен артық ұнатайын ғаламда кімді? Сен сезінген көңілсіздік маған да мұңды. Жеңісім деп білем сендей адал жанымды Таба алғанымды. Маған ұнады Біздер туралы Көрінісі өмірдің Бәрі де жағымды Әлі де жалынды Жылытып жанымды менің Қандай күндер келсе де Қандай сынақ берсе де Кетпеймін мен сенен Өзгеше әлемің Ерекше әдемім Тағдырыма менің Жаралған жан едің Жолықтырдым жанарыңнан бар арманымды Сеніп мәңгі ұсынамын саған барымды Сезем сенің бақыт болып маған кәдімгі Жаралғаныңды Сенен артық ұнатайын ғаламда кімді? Сен сезінген көңілсіздік маған да мұңды. Жеңісім деп білем сендей адал жанымды Таба алғанымды. Жолықтырдым жанарыңнан бар арманымды Сеніп мәңгі ұсынамын саған барымды Сезем сенің бақыт болып маған кәдімгі Жаралғаныңды