Қыз деген қырдын қызыл қызғалдағы,
Өмiрдiң сырлы-сымбат сұлу сәнi.
Бұраң бел оймақ ауыз қызыл ерiн,
Жiгiттiң ойлайтыны, бiр арманы.
Қыздардың теңдесi жоқ, бiр асыл зат,
Ежелден бағалаған оны адамзат,
Қыздарға әсемдiктi сыйға тартқан,
Ерекше мүсiн берiп бұл табиғат.
Қыздар-ай, қыздар-ай, қиылған қас, ақ маңдай,
Ашық түс, алма мойын
Мөлдiреген қалқам-ай
Қыздар-ай, қыздар-ай, қиылған қас, ақ маңдай,
Ашық түс, алма мойын
Мөлдiреген қалқам-ай
Қыз емес, қыздың аты - қызыл алма
Сұлулық әсемдiктi жиған бойға.
Ай қабақ, алтын кiрпiк, қиылған қас,
Қыздарды уқсатамын туған айға.
Жез таңдай, күміс көмей сырғалымай
Майысып талшыбықтай тұрганың-ай,
Жалт етiп қарағанда бойым балқып,
Бөленiп махаббатқа тұрғаным-ай.
Қыздар-ай, қыздар-ай, қиылған қас, ақ маңдай,
Ашық түс, алма мойын
Мөлдiреген қалқам-ай
Қыздар-ай, қыздар-ай қиылған қас, ақ маңдай,
Ашық түс, алма мойын
Мөлдiреген қалқам-ай
Қыздар-ай, қыздар-ай, қиылған қас, ақ маңдай,
Ашық түс, алма мойын
Мөлдiреген қалқам-ай
Қыздар-ай, қыздар-ай, қиылған қас, ақ маңдай,
Ашық түс, алма мойын
Мөлдiреген қалқам-ай
Поcмотреть все песни артиста